Қазақстанда «ақылды» өңірлердің рейтингі құрылды

11:25, 22 қаңтар 2020
353

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өңірлердің цифрландыру саласында жүргізген жұмыстарына баға берді. Нұр-Сұлтан, Алматы және Орал қалалары көшбасшылар қатарына енді, деп хабарлайды zakon.kz.

Зерттеуге 14 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар 3 қала қатысты. Бағалау 11 түрлі бағыт пен 80 көрсеткіштен тұратын "Ақылды қалалар" эталондық стандарты негізінде жүргізілді. Олар денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, экология, әлеуметтік және т.б. салаларды цифрландыру бастамаларына қатысты.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспановтың айтуынша, рейтинг өңірлерді "цифрлық" белсенділікті арттыруға ынталандыру үшін қажет.

Атап айтқанда, рейтингті құру кезінде әкімдіктердің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруы, тұрғын үйлерге "ақылды" есептеуіш құралдарының орнатылуы, тіркелген стартаптардың саны, зияткерлік көлік жүйесінің енгізілуі, қоғамдық көліктің бағыт-бағдарын мониторингтеу және т.б. арналған қосымшалардың қолжетімділігі назарға алынды.

Вице-министр Абылайхан Оспановтың айтуынша, бұл рейтинг өңірлердің "цифрлық" белсенділігін арттыруға бағытталған.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы екі жыл бұрын қабылданып, өңірлерде бірқатар жоба жүзеге асырылды. Әрине, олардың кейбірі тиімді болса, кейбірінің нәтижесі төмен болды. Цифрландыру саласындағы жалпы жағдайды көрсету үшін біз осы рейтингті әзірледік. Бұл сондай - ақ өңірлердің "цифрлық" дамуын ынталандыру үшін қажет", - деп атап өтті Оспанов.

Рейтингте бірінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы ие болса, екінші орынды Алматы, үшінші орынды Орал қаласы иеленді.

Рейтинг жыл сайын құрылады. 2019 жылғы рейтингтің нәтижесімен https://egov.kz/cms/ru/smart-cities сілтемесі арқылы таныса аласыздар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!