Қазақстан жастарының тұрғын үй мәселелері қалай шешілуде

10:16, 9 тамыз 2022
180

Қазақстанда жастардың баспана мәселесін шешу мақсатында ұлттық жобалар аясында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.

Мәселен, 2019-2021 жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін 7 мың жалдамалы пәтер салынды және сатып алынды.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Рухани жаңғыру» ұлттық жобалары аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын одан әрі жүзеге асыру жалғасуда.

Айта кетейік, 2025 жылға дейін жыл сайын кемінде 3000 жас азамат сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспанамен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар «Алматы жастары», «Елорда жастары» секілді өңірлік кредит беру бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы 800 мың азаматты тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне тарту жоспарлануда.

Сондай-ақ ипотеканың талаптары мен шарттарын ескере отырып, тұрғын үй мәселелерін «7-20-25», «Ұмай», «Әскери баспана», «Жас отбасы», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «Дипломмен-ауылға» бағдарламалары аясында шешуге болады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!