Қазақстан жануарларға арналған ковидқа қарсы вакцинаны да әзірлемекші

13:39, 14 сәуір 2021

© Сурет: ria.ru

Жамбыл облысындағы Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты жануарларға арналған COVID-19 вакцинасын әзірлеумен шұғылданбақшы, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Институт алдына жануарларға COVID-19-ға қарсы вакцина жасау міндеті қойылды. Біз жануарлардың ауруға шалдығуы және тасымалдаушы болуы мүмкін екенін білеміз. Олар адамдарға жұқпас үшін, мұндай вакцина қажет. Сондықтан институтқа осындай тапсырма берілді, - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Естеріңізге сала кетейік, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты QazVac коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинасын әзірлеп жатыр. Қазіргі уақытта вакцина клиникалық сынақтардан өтуде.

Бұған дейін қазақстандық вакцина Түркияда құтыға ​​құйылатыны хабарланған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!