Қазақстан жалақы мөлшері бойынша әлемде 80-орынға тұрақтады

10:13, 27 мамыр 2022

Қазақстан. 27 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан 106 елдің ішінде салықтар шегерілген жалақы мөлшері бойынша рейтингте 80-ші орынды иеленді. Біздің елде ол 414,29 долларды құрайды (176 139,29 теңге), деп хабарлайды 7kun.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтингтің басында – Швейцария, Сингапур және Австралия, оларда таза жалақы сәйкесінше 5854, 4110 және 4097 долларды құрайды. Рейтингтің соңында Әзербайжан, Өзбекстан және Шри-Ланка, таза жалақылары сәйкесінше $323, $278 және $140 құрайды.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстанды таза жалақылары бойынша тиісінше 884, 513 және 421 доллармен Ресей, Украина және Армения басып озды. Қазақстан өз кезегінде Әзірбайжаннан, Өзбекстаннан және Молдова (388 доллар) мен Беларусьтен (364 доллар) басым түсті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!