Қазақстан волейболдан AVC Ұлттар кубогында өз тобында көш бастады

17:03, 9 маусым 2026

© Сурет: olympic.kz

Филиппиннің Кандон қаласында осы күндері әйелдер арасында AVC Women’s Nations Cup волейбол турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі үшінші матчын Иран құрамасына қарсы өткізді.

Кездесу отандастарымыздың 3:1 есебімен (13:25, 25:20, 25:14, 25:18) жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Гонконгты (3:1) және Индонезияны (3:0) жеңген болатын. Тоғыз ұпай жинаған біздің құрама В тобында бірінші орынға көтерілді.

Қалған матчтарда қазақстандық волейболшылар Ливан және Вьетнам құрамаларымен кездеседі.

Айта кетейік, А тобында Филиппин, Қытай Тайбэйі, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан және Аустралия құрамалары өнер көрсетуде.

Топтық кезең қорытындысы бойынша әр топтан үздік екі команда жартылай финалға жолдама алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!