«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы әзірленді

14:31, 24 сәуір 2018

Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы – «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы еліміздің географиясы, тарихы, мәдениеті, экономикасы, туризмі және халықаралық қатынастары сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтиды, деп хабарлайды Zakon.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұнда жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, түрлі келбет, инфографикалар мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шетел азаматтары мен туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болмақ.

Оны мына жерден жүктеп алуға болады: AppStore, PlayMarket


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!