Қазақстан тәжірибесін үйренуге Буркина-Фасоның адамдары келді

12:48, 16 қазан 2019

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Буркина-Фасоның бірінші ханымы Аджови Сика Каборемен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қатерлі ісікпен күрес көшбасшыларының дүниежүзілік саммитінің аясында болды.

Сенат Төрағасы кездесу барысында Қазақстанда онкологиялық аурулармен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Д.Назарбаеваның айтуынша, Елбасының тапсырмасы бойынша 2018-2022 жылдарға арналған жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділікті ұлғайту, диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізу, кадрлық ресурстарды дамыту, онкология саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің кешенді жоспары бекітілген болатын.

Аджови Сика Каборе өз кезегінде азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Бірінші ханым онкологиялық ауруларға қарсы күрес саласындағы Қазақстанның тәжірибесін үйренуге әзірліктерін білдірді.

 

 

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!