Қазақстан сыртқы нарықтардан шамамен 3 млрд доллар қарызға ақша алмақшы

16:21, 2 сәуір 2020
795

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов онлайн-брифинг барысында Қазақстан үкіметі сыртқы нарықтардан шамамен 3 миллиард доллар қарыз алуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 трлн теңге қарыз алу қажет, оның ішінде біз 3 млрд АҚШ долларын шетелдік капитал нарықтарынан қарызға алуды жоспарлап отырмыз, - деді Шолпанқұлов.

Бұған дейін ол дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 трлн теңге көлемінде шығындар қажет болатынын, оның 2,5 триллион теңгесі бюджеттен тыс қаражат есебінен және 3,5 трлн теңге республикалық бюджеттен бөлінетінін айтты.

Сонымен бірге, министрлік өкілі Ұлттық қорға тек 1 триллион теңге ғана қайтарылатынын атап өтті.

Бүгін мұнай бағасының төмендеуін ескере отырып, Ұлттық қорға шамамен 1 триллион теңге түсу жоспарланған, деп атап өтті бірінші вице-министр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!