Қазақстан спорт құрамасына жаттықтырушы шетелдік азамат тоналды

17:42, 29 қыркүйек 2020

Алматыда шетелдік жаттықтырушыны тонаған үй күтушісі ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алмалы аудандық полиция бөлімінің хабарлауынша, семсерлесу бойынша қазақстандық олимпиадалық құраманың 60 жастағы жаттықтырушысы ақшасын ұрлатып алып, полиция көмегіне жүгінген.

Венгрия азаматының айтуынша, үйінен 1000 евродан астам ақшасы жоғалып кеткен. Бірінші кезекте біз шетелдіктің үйінде болған адамдарды тексердік. Толық тексеруден кейін күдіктілердің саны күрт қысқарды.

Осылайша біз үйді тазалауға келіп-кететін әйелді анықтай алдық. Оның сол уақытта ақша айырбас орнына барғаны, қай жерге ақша өткізгені анықталды. Қажетті дәлелдемелер жиналғаннан кейін ол қамауға алынды. Үй күтушісі өзінің кінәсін бірден мойындады, - дейді Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін ұрлық туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған. Пост авторының айтуынша, шетелдік жаттықтырушы тергеу-жедел тобының жұмысын жоғары бағалап, тергеуші мен шақыру бойынша келген сот сарапшысының ағылшын тілін өте жетік білетіндігіне таң қалған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!