Қазақстан Сауд Арабиясына ет экспорттай бастайды

12:59, 9 тамыз 2022

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары Сауд Арабиясына ет экспорттайды. Бұл ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігі таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорны Сауд Арабиясына қой еті мен сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізілді. Олар: «Алтын қазық» ЖШС (Ақмола облысы), «Ақтөбе ет кластері» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Empire Food» ЖШС (Алматы облысы), «Meat Processing and Service LLP» ЖШС (Алматы облысы), «Кублей» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы).

Бұған дейін 2021 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметінің мамандары қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорнына инспекция жүргізген болатын.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!