Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ

14:08, 12 тамыз 2020

Қазақстан күні кеше тіркелген COVID-19-ға қарсы ресейлік жаңа вакцинаны сатып алуды жоспарлап отырған жоқ. Сынақтар аяқталғанға дейін күте тұрамыз. Бұл туралы ҚР ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Вакцина сатып алу туралы айтуға әлі ерте. Әзірге Қазақстан вакцина сатып алу жөніндегі ешқандай келісімшартқа қол қойған жоқ. Өйткені ол вакцина сынақтардың төртінші, клиникалық кезеңінен әлі өткен жоқ. Сондай-ақ, вакцина тек ресейлік сертификаттаулардан ғана емес, халықаралық сертификаттардан да өтуі тиіс. Сондықтан бұл сұрақ бойынша әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ", деді Бағдат Қожахметов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!