Қазақстан Президентіне «Лукойл» басшысы есеп берді
Мемлекет басшысы "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай компаниясының 2019 жылы Қазақстанда атқарған жұмыстарының есебі берілді. Сондай-ақ Вагит Алекперов "Жеңіс" және "I-P-2" теңіз жобаларын жүзеге асырудың қазіргі ахуалы мен перспективалары туралы баяндады.
Ресей бизнесмені Қазақстан Президентіне Алматы облысында биыл қыркүйек айында ашылған "ЛУКОЙЛ" жағармай өнімдерін шығаратын зауыт жұмысының алғашқы нәтижелері жайында мәлімет берді.
Мемлекет басшысы осындай зауыт салғаны үшін Вагит Алекперовке ризашылығын білдірді.
– Бұл – сіздің компанияның Қазақстан экономикасына қосқан елеулі үлесі. Мұндай бағыттағы инвестицияларға жан-жақты қолдау көрсетеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Вагит Алекперов аталған өндіріс нысаны компанияның мақтанышына айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпорын 700-ге жуық өнім түрін шығарады және бір жарым айдың ішінде өзінің жобалық қуатына толық жетеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 28 наурыз 2024
Павлодарда жүкті жеңгесін ұрып-соққан ер адам қамауға алынды: бала шетінеп кеткен
-
22:22, 28 наурыз 2024
Ақтөбе облысындағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды
-
22:00, 28 наурыз 2024
БҚО-да үйін су басқан 400-ге жуық адам тікұшақпен аудан орталығына жеткізіледі
-
21:43, 28 наурыз 2024
Қазақстанның Украинадағы елшілігі азаматтарымызға Одесса және Харьков облыстарынан кетуді ұсынды
-
21:00, 28 наурыз 2024
Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды