Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Наһаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алып, оның бауыры, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Жеделхатта Шейх Сұлтан өз өмірін Әмірліктердің, оның халқының мүддесін қорғауға және қызмет етуге риясыз арнағаны баяндалған. Сонымен қатар Қазақстан халқы шейх Сұлтан Әл Наһаянды парасатты азамат, жоғары беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым жадында сақтайтыны айтылған.
– Осындай сын сағатта орны толмас ауыр қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша Қазақстан халқының атынан және жеке өз тарапымнан, Сізге және бүкіл Әмірліктер халқына қайғыра көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.
Источник: zakon.kz
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 7 желтоқсан 2019
Жамбыл облысында жастар арасындағы жұмыссыздық төмендеді
-
21:14, 6 желтоқсан 2019
Қос шендінің туған інісі ұсталғаны туралы хабар тарады
-
17:50, 6 желтоқсан 2019
Алматыда 128 мыңнан аса оқушы қазақ тілінде білім алып жатыр
-
17:47, 6 желтоқсан 2019
Жамбыл облысы шағын несие беруде алдыңғы қатарда
-
17:31, 6 желтоқсан 2019
Нұр-Сұлтанда Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді
Пікір