Қазақстан өз картобын арзанға сатып, Ираннан 3 есе қымбатқа алды

15:07, 18 маусым 2021
281

© Сурет: pexels.com

Жіті ойластырылмаған экспорт картоп пен сәбіздің бағасын шарықтатып жіберген, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап

Дүкендердегі сонау Иран, Египет пен Пәкістаннан жеткізілген картоптың келісі 600 теңгеге дейін қымбаттаған. Иә, «аграрлы ел» деп аталатын Қазақстанда мұндай да болады екен. Картоптың бағасы бір айдың ішінде ғана 11%, ал сәбіз тіпті 16% қымбаттаған. Еnergyprom.kz порталының мамандары жүргізген зерттеуге сәйкес, 2021 жылдың алғашқы тоқсанында елге 31,5 мың тонна қырыққабат, 19,2 мың тонна картоп, 13,1 мың тонна сәбіз жеткізілген. Көкөністің бұл мөлшері өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір көп. Ол аз десеңіз, сарымсақ пен бақша дақылдарының импорты да 40 есе өскен (6,9 мың тонна). Әйтсе де бұрыштың (41,3% - 2,5 мың тоннаға дейін), чесноктың (23% - 2,8 мың тоннаға дейін), қызылшаның (18% - 3 мың тоннаға дейін), қызанақтың (9,7% - 2,8 мың тоннаға дейін) импорты азайған.

Дәл осы жылы экспортқа импортталған мөлшерден 3,4 есе артық картоп шығарылған. Сарымсақты да былтырғыдан шамамен екі есе көп экспортталған. Сәбіздің де экспорты бірден 21 есе артып, 1,5 мың тоннасы шет елдерге кеткен. Сол секілді бұрышты 51, баялдыны 60 есе көп экспорттадық, - делінген зерттеуде.

Міне, сондықтан Қазақстанның өз картобы шет елдерге экспортталып кеткендіктен, оны бағасы базарда шарықтап шыға келді.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ойластырылмаған экспорт бағаға қалай әсер ететінін мәлім еткен еді. Былтыр картоптың экспорты 360 мың тоннаға дейін жетті. Бұл – бүкіл өнімнің 19 пайызы. Осы жағдай айналып, өз сөрелеріміздегі картоптың қымбаттауына алып келді, - делінген зерттеуде.

Осылайша, маусымаралық ауысымда картопты импорттауға тура келді. Өкінішке қарай, бұл үрдіс жыл да қайталана береді. Оның үстіне төмен бағамен шет елдерге картоп экспорталып кететіндіктен, отандық өнімнің қоры 3 есе азайған. Міне, сондықтан осы қажеттілікті жабу үшін Иран мен Пәкістаннан өзімізден қарағанда 3 есе қымбатқа импорттық картоп сатылып алынған. Жалпы 4 айдың ішінде картоптың импорты өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 67 есе өссе, оның бағасы 47% қымбаттаған.

Аян Бекенұлы


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!