Қазақстан мұнай өнімдерін тауар биржалары арқылы сата бастайды
© Сурет: ҚР Энергетика министрлігі
Қазақстанда ағымдағы жылдан бастап бензин мен битумды тауар биржалары арқылы өткізу жоспарланған, деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, деп хабарлайды zakon.kz.
- Президент Жолдауының аясында мұнай өнімдері мен электр энергиясы саласында биржалық сауданы ретке келтіру және жетілдіру, сондай-ақ бәсекелес саясатты дамыту бойынша тапсырма берілген болатын. Мәселен, биылғы наурыз айынан бастап бензин мен битумды тауар биржалары арқылы өткізу жоспарланып отыр, бұл ретте бензинді өткізу көлемі Министрлік бекітетін ай сайынғы жеткізу жоспарларына сәйкес анықталатын болады, деді Ноғаев Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Дизель отыны мен керосинді тауар биржалары арқылы өткізуді 2021 жылдың 3-тоқсанында бастау жоспарлануда.
Бұдан басқа, 2021 жылдың соңына қарай сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге толық көшу жүзеге асырылады, деп еске салды ведомство басшысы.
- Бұл осы саланың ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында газ желісі ұйымдарын аккредиттеу институты жойылады, деп қорытындылады Ноғаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:59, 23 сәуір 2024
Көкшетауда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден төрт газ баллонын шығарды
-
22:28, 23 сәуір 2024
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге мектеп оқушылары да көмектесіп жатыр
-
22:03, 23 сәуір 2024
Душанбедегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
-
21:56, 23 сәуір 2024
Ислам Сәтбаев - Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген
-
21:08, 23 сәуір 2024
Су тасқыны: Түркістан облысы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды