Қазақстан мен Франция Астананың 20 жылдығын бірге атап өтеді

18:08, 19 қазан 2017

Париждегі Гран Пале көрме орталығында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Францияның Ұлттық музей қауымдастығы серіктестікті кеңейту туралы келісімге келді.

«Рухани жаңғыру» мақаласының халықаралық тұсаукесері аясында мәдениет, өнер және мәдени мұраны сақтау туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. 

Келер жылы Астананың 20 жылдығына орай Франция қыл қалам шеберлерінің туындылары Қастеев атындағы Қазақстанның Ұлттық мұражайында қойылады. Ал отандық суретшілердің картиналары Францияның ең үлкен музейлерінен орын табады. 

Сильви Убак, Франция ұлттық мұражайлар қауымдастығының президенті: 

– Францияның ұлттық мұражайы және Гран Пале Қазақстанмен ұзақ жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді. Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықарылық көрмесіне де қатыстық. Бүгін алдағы бес жылда серіктестігімізді кеңейту туралы меморандумға қол қойдық. 2018 жылы өтетін Астананың 20 жылдығына арналған жаңа жобаны да ашып жатырмыз. Сондай-ақ келер жылдың маусым айында Қазақстанда ұлы француз суретшісі Поля Серюзьенің  көрмесі ашылады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!