Қазақстан-Қырғызстан шекарасында заңсыз тауар тәркіленді

20:01, 19 қазан 2017

Алматы облысындағы «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлері тексеру барысында жүк контейнерлерінен кедендік рәсімдеуден өтпеген 191 дана жиһаз тапты.

Декларацияда белгіленбеген тауар Бішкектен жіберілгені анықталды. Бар жиһаздың құны 7 жарым миллион теңгеден асады. Жалпы салмағы – 3 тоннаға жуық. 

Сондай-ақ кеденшілер жүк тексеру кезінде тауар құжаты жоқ алюминий радиаторларын тапқан. Шекарадан заңсыз өткізілмек болған бұл тауардың құны – 17 жарым миллион теңге. Кедендік органдардың есептеуінше, декларацияда 1743 құрылғы тіркелмеген. «Аталған заңбұзушылықтарға қатысты қазір тиісті шаралар қолданылып жатыр», – деп мәлімдейді кірістер комитеті.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!