Қазақстан құрамасы Евро-2020 іріктеуін жеңіліспен аяқтады

10:21, 20 қараша 2019

Евро-2020 іріктеу кезеңінің соңғы матчында Қазақстан құрамасы Шотландиядан ұтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Глазгодағы "Хэмпден Парк" стадионында өткен ойын 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды .

34-ші минутта Бахтиер Зайнутдинов алыстан дәл теуіп, есеп ашты. Бірінші тайм жалғыз голмен аяқталды.

Одан кейін қазақстандықтардың қақпасына үш рет доп кірді. 48-ші, 64-ші және 91-ші минутта жергілікті жанкүйерлер дүр көтерілді.

Қазақстанның тобынан Евро-2020 турниріне Бельгия мен Ресей шықты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!