Қазақстан Халықаралық TurkicSkills-2025 чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды
© Сурет: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
I Халықаралық TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарыстың басты жеңімпазы атанып, түркі елдері арасында техникалық және кәсіптік маман даярлауда көшбасшы екенін дәлелдеді.
Еліміздің жүлде қоржыны 6 алтын, 2 күміс медаль және 1 "Үздік медальонмен" толықты. Бұл жеңіс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясындағы реформалардың нәтижелі жүзеге асып жатқанын айғақтайды.
Естеріңізге сала кетейік, 4-9 қазан аралығында Ақтау қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен TurkicSkills-2025 чемпионатына Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 70-ке жуық колледж студенттері мен жас маман қатысты. Олар инженерия, ақпараттық технологиялар, өндіріс, робототехника және қызмет көрсету салаларын қамтитын 10 құзыреттілік бойынша бақ сынады.
Жарыстың жабылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов бұл чемпионаттың түркітілдес мемлекеттердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында Қазақстанның бастамасымен алғаш рет ауқымды түрде ұйымдастырылғанын атап өтті.
"TurkicSkills чемпионаты – түркітілдес мемлекеттер арасындағы техникалық және кәсіптік ұйымдар ынтымақтастығының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды шара. Бұл күндер достық пен өзара түсіністіктің, ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың жарқын үлгісіне айналды", – деп атап өтті вице-министр.
WorldSkills International кеңесінің мүшесі Рэй Инглиш Қазақстанның халықаралық деңгейдегі әлеуетін ерекше атап өтті.
"Чемпионатының ауқымы мен ұйымдастырылу сапасы – Қазақстанның әлемдік деңгейдегі кәсіби шеберлік сайыстарын өткізуге толық дайын екенін көрсетеді. Бұл тәжірибе болашақта WorldSkills немесе WorldSkills Europe сияқты халықаралық жарыстарды қабылдауға мүмкіндік береді", – деді ол.
Чемпионатты тамашалауға 5 мыңнан астам адам келді, колледждер мен кәсіпорындар арасында 100-ге жуық ынтымақтастық меморандумы жасалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:08, 7 желтоқсан 2025
Қазақстанның үш өңірінде жолдар жабылды
-
14:55, 7 желтоқсан 2025
Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында үздік үштікке енді
-
14:03, 7 желтоқсан 2025
Қостанайдағы мектептерде «қашықтан оқыту» қашан тоқтатылады
-
13:58, 7 желтоқсан 2025
Атырауда зиратты талқандаған үш жасөспірім ұсталды
-
13:20, 7 желтоқсан 2025
Ақтаудағы аялдамада ер адамның мәйіті табылды





