Қазақстан халқының табиғи өсімі 5 айда 103 мың адамды құрады
2018 жылғы 1 маусымда еліміздегі халық саны 18 253,3 мың адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, қалалықтар - 10 514,3 мың (57,6%), ауылдықтар - 7 739,0 мың адам (42,4%). 2017 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 239,1 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2018 жылғы қаңтар-мамырда туғандар саны 159,9 мың адамды құрады.
Бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,9 пайызға көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,15 туғанды құрады. 2018 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,8 мың адамға немесе 3,8 пайызға көбейіп, 103,5 мың адамды құрады.
Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,69 адам. Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 56,4 мың адам болды. Бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 1,4 пайызға көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,46 қайтыс болғанды құрайды.
2018 жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейінгі 1 366 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 1,6 пайызға көп.
Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтар-мамырда 637 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 46,6 пайызын құрады.
Туа біткен ауытқулардан 283 немесе 20,7%, тыныс органдары ауруларынан - 113 немесе 8,3%, инфекциялық пен паразитарлы аурулардан - 70 нәресте немесе 5,1% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 63 немесе 4,6% нәресте қайтыс болды. 2018 жылғы қаңтар-мамырда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғанға шаққанда 8,54 құрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:53, 29 наурыз 2024
Арқалықтағы су тасқыны: бір күнде 116 мың текше метрден астам еріген су сорылды
-
11:37, 29 наурыз 2024
Павлодар облысының тұрғындары су басу қаупі төнген жағдайда қайда хабарласу керек
-
11:22, 29 наурыз 2024
Қазақстандағы ірі су тасқыны: Олжас Бектенов мәлімдеме жасады
-
11:06, 29 наурыз 2024
Қазақстан айырбастау пункттеріндегі 29 наурыздағы валюта бағамы
-
10:50, 29 наурыз 2024
Алматыда патрульдік полицей жанып жатқан көлікті сөндірді