Қазақстан халқының әзірге 60 пайызы өзін «бақыттымын» деді

10:32, 13 мамыр 2021

© Сурет: видеодан кадр

Қазақстандықтардың 60 пайызынан астамы өзін бақытты санайды! Еліміздің статистика комитеті жүргізген сауалнама нәтижесі осындай. Расында, біздің елдің тұрғындарының өз өміріне көңілі тола ма? Мамандар не дейді? Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Қазақстандықтардың 63 пайызы өзінің бақытты, яғни тұрмыс-тіршілігіне разы екенін айтыпты. Мұндай зерттеуді статистика комитеті жүргізген. Нәтижесінде өз өміріне шүкіршілік ететіндердің дені ауыл тұрғындары болып шыққан. Респондеттердің 72,6 % хәл-ауқатына, өмір сүру деңгейіне көңілі толатынын байқатыпты. Бірақ қорғам белсендісі "жүргізілген сауалнамаға күмәнімен қараймын", дейді.

Айша Құрманғали, қоғам белсендісі:

Шынайы жағдайға үңілетін болсақ, бақыттымен деуге келмейтін сияқты. Статистиканы жүргізушілер аралас-құралас, кабинете отырып жүргізуі мүмкін. Қиналып жүргендердің арасында сұрау салмауы мүмкін.

Мамандар бақыттың формаласын бірнеше категория арқылы анықтаған. Денсаулық, жұмыс, отбасы, ақша, табыс. Осы ретте "Сіз бақыттысыз ба?" деген сұрақты қала тұрғындарына біз де қойдық. Халықтың көбі өмірге шүкіршілік еткенімен, Қазақстанды бақытты елдер қатарына жатқыза алмайтынын айтады.

Ал психологтер бақыттың өлшемі әркім арқалай түсінеді дейді. Себебі оның нақты формуласы жоқ.

Лаура Мугжанова, психолог:

Көп адамдар бақыттың не екенін, неге қажет, көп терең ойға ойламай, қателіктер өткізеді. Бақытты болуды армандайды, бірақ та көп өз-өзіне жұмыс жасауды ұмытып кетеді, сүйікті ісімен айналыспайды.

Ең қызығы ер азаматтар әйелдерге қарағанда бақытты. Нақытарақ айтсақ, еркектердің 65,9%, нәзік жандылардың 62% ғана өміріне дән риза.

Айша Құрманғали, қоғам белсендісі:

Жалпы енді медальдің екі жағы бар. Біреулер үшін бақыт қызмет, қоғамдағы орны, материалдық жағдайы болуы мүмкін. Біреулер үшін бала-шағасының амандығы болуы мүмкін. Қазақ деген шүкіршілік халықпыз ғой.

Қысқасы, әлемдік рейтингке үңілсек, бақыт деңгей жөнінен Қазақстан былтыр 60-шы орынға жайғасқан. Көшбасында Финляндия, Дания, Норвегия секілді мемлекеттер тұр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!