Қазақстан халқы ақылы түрде коронавирусқа тест тапсыра алады

11:25, 26 наурыз 2020

Қазақстандықтар ақылы түрде коронавирусқа тест тапсыра алады, деп мәлімдеді ҚР ДСҰ Тауарлар мен қызметтер сапасы комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің парақшасында Людмила Бюрабекованың сұқбаты жарияланды. Ол ақылы түрде азаматтар коронавирусқа тест тапсыра алуы үшін Қазақстанға экспресс-тест алдыртылып жатқанын айтты.

Біздің елімізге экспресс-тест жеткізе алатын бірнеше демеушілеріміз бар. Біз бірнеше компанияға бір реттік тапсырысқа рұқсат бердік. Бірінші партия осы аптада келеді, экспресс-тест талдауы "Олимп" зертханасында алынады. Бұл тест науқастың қаны арқылы талдау жасайды. Біз науқастарды әлеуметтік осал деп анықтаймыз. Бұл диспансерлік есепте тұрғандар, әсіресе созылмалы тыныс жолдары аурулары бар адамдар, оларда дерт ауыр жүруі мүмкін, - деді ол.

Тестілеуден кез-келген жастағы қазақстандық өте алады. "Олимп" жекеменшік зертханасы ақылы түрде талдау жасайды.

Біз ақысыз талдау жасаймыз, бірақ ПЦР диагностикасы тәсілі бойынша. Онда да шынымен де дертке шалдыққандар диагностикаға алынады, - деп түсіндірді Бюрабекова.

16 наурызда Қазақстанда коронавирустық пандемияға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге қойылды, өйткені науқастардың көпшілігі осы қалалардағы ауруханаларда орналасқан. 26 наурыз күні таңертең елімізде коронавирустың 88 жағдайы тіркелгені белгілі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!