Қазақстан ғалымдары әзірлемелері үшін роялти алуы тиіс – Ә.Сатыбалдин

15:44, 4 тамыз 2020
257

Қазақстанда ғылымды тиімді коммерциялау үшін ғалымдарға өнеркәсіп саласында қолданылатын сәтті әзірлемелері үшін роялти төленуі тиіс, дейді экономика институтының директоры Әзімхан Сатыбалдин, деп хабарлайды zakon.kz "Елбасы Академиясы" КҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазір Президент 2 пайызбен несие беретін өнеркәсіп қорын құрды (өнеркәсіпті дамыту қоры – ред.). Ғалымдардың әзірлеме жасауына 2 пайызбен несие беретін инновациялық банк құруға да тәуекел етер едім. Және ғалымдар өз жобасына жетекшілік етуі тиіс. Кәсіпорынның пайдасы артқан жағдайда ол роялти алуға құқылы болады. Роялти мөлшері қомақты, 10-20% деңгейінде болғаны жөн", - деді Сатыбалдин "Елбасы Академиясы" корпоративтік қоры ұйымдастырған "Ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру" тақырыбындағы онлайн пікірсайыс барысында.

Онлайн кездесу Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау" бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Сатыбалдиннің пікірінше, қазақстандық әзірлемелерге сараптама жасау қажет.

"Екінші өзекті мәселе – ол ғалымдардың әзірлемелері талдауды қажет етеді. Ғалымдардың мұрағатында не жатқанын білмейміз. Осы күнге дейін берілген патенттерге талдау жасайтын топ құрайық", - деп экономика институтының басшысы өз ұсынысын тастады.

Сонымен қатар, Сатыбалдинді мемлекеттік бағдарламаларды индустрияландыру мәселесінің тиімділігі алаңдатып отыр. Бүгінге дейін бірнеше мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылғанымен, ғылымның өнеркәсіп саласының даму үрдісіне қатысу деңгейі тым төмен, дейді ол.

"Елімізде индустрияландыру үрдісі 13,5 % жүзеге асқан болса, Қырғызстанда бұл көрсеткіш 15% құрап отыр. Бұл дегеніміз, даму үрдісіне (өнеркәсіптің – ред) ғылым саласы мүлдем үлес қоспайды деген сөз. 30 жыл болды (Қазақстанның тәуелсіздік алғанына – ред), ал біз өндіріс тақырыбын енді қозғап, жеңіл өнеркәсіпті дамытуға болатынын енді түсініп жатырмыз. Бұл жақсы емес. Қыруар қаржыны жұмсағанның өзінде индустрияландыру көрсеткіші 13 % ғана. Мұнай, газ, металлды сатып, барлық қаржыны азық-түлік пен киім алуға жұмсау әрекеті өркениетті мемлекетке тән емес. Тұрақты сұранымдағы негізгі тауарларды өзіміз өндіруіміз қажет", деп қорытындылады ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!