Қазақстан былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда көмірді артық өндірді

14:45, 19 қаңтар 2021

Еліміздің көмір өндіруші компаниялары 2020 жылы 109,2 млн тонна көмір өндірді. Өз кезегінде энергия өндіруші кәсіпорындарға 58,8 млн тонна көмір тиелді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,6% артық, деп хабарлады zakon.kz.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өнеркәсіп кәсіпорындарына 5,6 млн тонна көмір жөнелтілді, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,6 млн тонна көмір тиелді. Көмір экспорты шамамен 29,3 млн тонна көмірді құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер және халық үшін көмір өнімі қажеттілігінің қалыптасқан жоспарына сәйкес тұтыну көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн тонна, тұрғындарға 7,2 млн тонна болады.

021 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы жоспарға қатысты көмір қорымен қамтамасыз ету мынадай көрсеткіштерді құрайды: коммуналдық-тұрмыстық сектор – 93,4%, халық – 99,5%. Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті.

Сонымен қатар БҚО, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Павлодар облыстарының, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктері халыққа көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!