Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры тағайындалды

16:34, 19 сәуір 2021

© Сурет: baq.kz

Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры қызметіне Маратбек Мықтыбеков кірісті. Бұл қызметті 11 жыл бойы атқарған Бекжан Бектенов федерацияның халықаралық істер жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Маратбек Мықтыбеков дзюдо федерациясында вице-президент, президент міндеттерін және Алматы бокс федерациясының атқарушы директоры, Азия бокс конфедерациясының кеңесшісі қызметтерін атқарған тәжірибелі спорт менеджері. Сондай-ақ, ол самбодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алғашы жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

"Құрама командалар пандемия кезіндегі қиын кезеңде өздерін жоғалтып алған жоқ. Боксшылар Олимпиада ойындарына психологиялық тұрғыдан дайын", - дейді жаңа атқарушы директор.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!