Қазақстан банктері клиенттерін қашықтан биометриялық тануды үйреніп алды

16:48, 30 қыркүйек 2020
161

Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылғы 1 қазаннан бастап қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін өндірістік пайдалануға қосады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл сервисте "бет-әлпетін тану" технологиясын қолдана отырып, қаржы ұйымына нақты барусыз қаржылық қызметтерді алу мүмкіндігі көзделеді. "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" РМК (ҚБЕО) – Ұлттық Банктің еншілес ұйымы жүйенің операторы болып табылады.

Қашықтан биометриялық сәйкестендіру қаржы нарығына қатысушыларға клиенттерді қашықтықтан сәйкестендіруге және банк шоттары мен депозиттерді ашу, төлем карточкаларын шығару, кредиттеу сияқты қызмет көрсетуге мүмкіндік береді

"Қашықтан биометриялық сәйкестендіруді енгізу әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайдың аясында жаңа қауіп-қатерлерге жауап береді. Сервисті қаржы қоғамдастығының пайдалануы халыққа қашықтан көрсету тәсілімен ұсынылатын қызметтер тізімін кеңейтеді", - деп хабарлады Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.

Сервис банктерге сияқты сақтандыру компанияларына да, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, төлем және микроқаржы ұйымдарына да қолжетімді.

Сервисті Ұлттық Банк қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп әзірледі. Жүйе ағымдағы жылғы сәуірде пилоттық режимді іске қосылды. Осы уақыт ішінде сервис екінші деңгейдегі 11 банкке халыққа 2,8 млн банк қызметін көрсетуге мүмкіндік берді.

ҚР Ұлттық Банкі іске асыратын қашықтан сәйкестендіру тетігі Қазақстанның қаржы секторын цифрландыру жолындағы тағы бір қадам болып табылады.

СДАО сервисіне қосылуға мүдделі болған жағдайда, қаржы нарығына қатысушылар +7-7272-50-66-26 телефоны бойынша ҚБЕО-ға өтініш бере алады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір