Қазақстан азаматы 50 мың доллармен «Қорғас» арқылы Қытайға кірмек болды

13:10, 19 мамыр 2020

Шекарашылар декларацияланбаған ірі көлемдегі ақшамен жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

18 мамырда ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша "Қорғас" шекаралық бақылау басқармасы ҚХР-ға бағыт алған Қазақстан азаматын ұстады. Қызметтік иттердің көмегімен ол кісіден 49 244 АҚШ доллары сомасындағы декралацияланбаған ақша табылды, - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ұсталған ер адам бекітілген тәртіп бойынша "Нұр Жолы" Кеден бекетінің қызметкерлеріне берілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!