Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рақымбекова пневмониядан көз жұмды

10:59, 3 тамыз 2020

Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рақымбекова пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаралы хабарды марқұмның зайыбы Төлеутай Рақымбеков Facebook-тегі парақшасында жазды.

55 жастағы Салтанат Рақымбекованың дертпен үш апта бойы күрескені жазылған.

Рақымбекова Салтанат 1965 жылы бұрынғы Шымкент облысы Жамбыл ауылында дүниеге келді.

"Жасыл" экономика және G-Global дамыту коалициясы" ЗТБ басқарма төрағасы, ҚР Президенті жанындағы "жасыл" экономика көшу кеңесінің мүшесі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!