Қазақстан азаматтары референдум кезінде 52 шет мемлекеттен де дауыс бере алады
© Сурет: gov.kz
5 маусымда Қазақстан азаматтары ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыұлттық референдумына 52 шет мемлекеттен де дауыс бере алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 52 шет мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылды. ҚР СІМ баспасөз қызметі
Құзырлы ведомства атап өткендей, дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары учаскелік комиссия құрылған Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне жүгіне алады.
Сонымен бірге, шетелдегі сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз. ҚР СІМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, ҚР шетелдегі мекемелерінде дауыс беру "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум өткізілетін күні (2022 жылғы 5 маусым) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:00, 18 наурыз 2024
Алматы облысында ер адам «қыл көпірден» құлап, мерт болды
-
22:25, 18 наурыз 2024
«Аккаунттарын жойған». Павлодарда жоғалған фармацевт жігіт іздестіріліп жатыр
-
22:03, 18 наурыз 2024
«Зая кеткен еңбек». Жамбыл облысында да қоймалардағы мыңдаған тонна пияз шіріп жатыр
-
21:50, 18 наурыз 2024
Елордалық емханада марқұм болған және қоныс аударған азаматтар тіркелген – МӘМСҚ
-
21:37, 18 наурыз 2024
Ақмола облысында су тасқынының алдын алу үшін Нұра өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді