Қазақстан азаматтары елдің Өзбекстанмен жабық шекарасында тұрып қалды

18:29, 4 шілде 2022
131

© Сурет: pxhere

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қазір Өзбекстанмен келіссөз жүргізіліп жатыр. Жағдайды тез арада шешу үшін бар күш-жігер жұмсалы жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтарымыз үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Олармен тұрақты байланыста боламыз. Бұл жағдай Өзбекстандағы қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында.ҚР Сыртқы істер министрлігі

1 шілдеде Қарақалпақстан азаматтары Нүкіс қаласы арқылы шеру жасап, одан кейін орталық дехқан базарының аумағына жиналып, заңсыз шеру ұйымдастырды.

Халық шеруге Конституцияға Қарақалпақстанның Өзбекстаннан шығу құқығы туралы тармақты алып тастайтын түзетулер жобасына байланысты шықты.

Кейін Мирзиеев Қарақалпақстанның құқықтық статусы туралы нормалардың өзгеріссіз қалуы үшін Олий Мажлистің заң шығару палатасына жүгінді.

Сонымен қатар Өзбекстан президенті Қарақалпақстанда бір айға төтенше жағдай жариялау туралы жарлық шығарғаны хабарланды.

4 шілдеде барлық азық-түлік дүкендері, базарлар, наубайханалар, қор биржасы, банктер, ұйымдар, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандар жұмысын толықтай жалғастырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!