Қазақстан Ауғанстанға көмек көрсетуге дайын - Тоқаев
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ауған тарапының бастамасымен телефон арқылы сөйлескен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ашраф Ғани бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы достас ауған халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Президенттер АҚШ пен НАТО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылып жатқан кездегі ахуал жайында пікір алмасты. Елдегі саяси-дипломатиялық жағдайды ауғандықтардың өзін қатыстыра отырып, бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жол жоқ екені нақтыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ауғанстанды терроризмнен және заңсыз есірткі тасымалынан ада, біртұтас, бейбіт, бейтарап ел ретінде қалыптастыру жолында барынша көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Осы мақсатта екі ел үкіметтері арасындағы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың нақты мәселелерін жедел шешуге бағытталған диалогты жандандыру керек.
Ашраф Ғани ауғанішілік диалогты дәйекті түрде қолдағаны және өз еліне нақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі мемлекет арасындағы ықпалдастық мәселелерін шешуде іскерлік тәсілді қолданудың маңыздылығы жөніндегі пікірімен келісті. Сонымен қатар Ашраф Ғани Ауғанстандағы ахуалды реттеуге жұмылдырылған халықаралық күш-жігерге Қазақстанның белсенді араласуын өте маңызды деп санайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:06, 24 сәуір 2024
Қазақстандықтар қарғын судан аман қалған үйлерге оралуда
-
10:53, 24 сәуір 2024
Есірткі таратқан шаңғы жаттықтырушысы 10 жылға бас бостандығынан айрылды
-
10:40, 24 сәуір 2024
Қазақстанда терроризмге қарсы жаттығулар жалғасуда
-
10:29, 24 сәуір 2024
WhatsApp-та жаңа пайдалы функция пайда болады
-
10:18, 24 сәуір 2024
24 сәуірдегі Бишімбаевтың соты - тікелей эфир