Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жөнелтті
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстаннан Ауғанстан халқына жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарды қолдау мақсатында гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берді.
"Мемлекеттік материалдық резервтен қажетті дәрі-дәрмектер, медициналық құралдар, төсек-жабдықтар, шатырлар және өзге де бірінші кезектегі қажетті заттар бөлінді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге білікті көмек көрсету үшін медициналық қызметкерлер тобын жасақтап жөнелтті", деп хабарлады 2025 жылы 13 қарашада Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Гуманитарлық жүктің құрамына жалпы салмағы 18 тонна болатын 34 атау енгізілді.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жүк Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұшағымен жеткізіліп, гуманитарлық көмек бүгін ауған тарапына табысталады.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ әскери бөлімінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері тиеу және түсіру жұмыстарын жүргізіп, жүктің жедел дайындалуы мен жөнелтілуін қамтамасыз етті.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, 3 қарашада түнде Ауғанстанда қатты жер сілкінісі болды. Салдарынан 27 адам қаза тауып, 850-ден астамы жарақат алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты
-
15:52, 7 желтоқсан 2025
Қар мен көктайғақ: синоптиктер дүйсенбіде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті
-
15:08, 7 желтоқсан 2025
Қазақстанның үш өңірінде жолдар жабылды
-
14:55, 7 желтоқсан 2025
Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында үздік үштікке енді





