«Қазақмыс» зауытының басшылығына шабуыл жасалды - шабуыл жасаған адам мерт болды

22:12, 21 қаңтар 2020
296

Жезқазған қаласындағы "Қазақмыс" зауытының бас директоры мен кәсіпорынды дамыту жөніндегі директорға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат жария болды. Оларды қызметтік кеңседе пышақтап тастаған, деп хабарлайды zakon.kz Телеграмм-дағы Вся Караганда арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға бүгін 17 сағат 50 минутта Жезқазған қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясының ғимаратында болды.

Зауыттың бас директоры Амангелді Мініғұлов пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов кабинетте өзара сөзге келіп қалған. Тәжікелескен Тәжбенов бір уақытта кабинеттен шығып, бес минуттан кейін мылтықпен оралып, оқ атқан, бірақ оның атқан оғы ешкімге тимеген.

Мұнысынан түк шықпаған кәсіподақ жетекшісі пышақ алып, Мініғұловқа сілтеген. Қызыл кеңірдек екеудің арасына түскен кәсіпорынды дамыту жөніндегі директор Сабыржан Тембаев та пышаққа түскен. Ол да осы кабинетте болған.

Пышақтан жарақатанған екеу дереу ауруханаға жеткізілді.

Ал Тәжбенов төбелес болған жерде өзін-өзі атып тастады.

Жезқазған полициясы бас директорға шабуыл жасалғаны туралы ақпаратты растады, деп жазады BaigeNews.kz.

- Қылмыс орын алды. Қазір барлық мән-жай анықталып жатыр. Тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, - деді құқық қорғау органындағылар.

Компанияның бас директоры жан сақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер баспасөзге қандай да бір түсінік беруден бас тартты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!