«Қазақконцерттің» көркемдік жетекшісі тағайындалды

12:41, 21 маусым 2018
574

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның солисі Тимур Урманчеев «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз қызметі хабардар етті.

Тимур Урманчеев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының фортепиано класы бойынша түлегі (1991). Ассистентура-тағылымдама (1993), Жоғары орындаушылық шеберлік курстарын (1990, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры А.Ведерниковтың класы) бітірген.

Тимур Урманчеев - Қазақстан академиялық музыка өнерінің жарқын өкілі. Ол отандық өнердің дамуына зор үлес қосқан.

Талантты солист, концертмейстер, «Форте Трио» мемлекеттік ансамбілінің негізін салушы және көркемдік жетекшісі. Т.Урманчеевпен бірге белгілі қазақстандық және шетелдік музыканттар өнер көрсетеді.

Танымал пианист бірнеше рет отандық музыкалық өнердің озық үлгілерін халықаралық сахнада ұсынған.

Ірі халықаралық және республикалық жобалардың: «Астана кештері», «Жапондық көктем», «Жапондық күз» өнер фестивальдары, «Көктем самалы» және «Жүрек сазы» республикалық музыка фестивальдары, «Времен связующая нить» мәдени-қайырымдылық мегажобасының көркемдік жетекшісі.

Тимур Урманчеевтің қазақстандық музыка өнерінің дамуына қосқан үлесі бірнеше рет мемлекеттік дәрежеде атап өтілді. ҚР Президентінің жарлығымен 2001 жылы ол «Ерен енбегі үшiн» медалімен марапатталған. 2006 жылы Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді.

2015 жылы оған «Құрмет» ордені берілді. Бұған қоса, Тимур Урманчеев - «Renata Tebaldi-Mario Del Monaco» (Италия) Халықаралық вокал академиясының құрметті профессоры.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!