Қазақ гүленшілеріне тықыр таянды

12:36, 24 қыркүйек 2019

Фетуллах Гүленнің Қазақстанда жүрген жақтастарын жақын арада Түркияға ұстап беруі мүмкін, дейді желіде журналист Жолымбет Мәкіш.

Оның жазуынша, Нұрлан Нығматулинмен кездескен түрік парламентінің спикері Мұстапа Шентоп мырза бүгін осылай деп мәлімдеді.

"Үлкен Евразия. Сұқбат. Сенім. Әріптестік" деп аталатын Евразия елдерінің парламент басшыларының төртінші отырысына қатысу үшін Шентоп мырза Қазақстанға келген. Шентоп мырзаның айтуынша, FETO (гүленшілер қозғалысы) қазір Түркияға ғана қауіпті болудан қалып, қай елде жүрсе, сол елге де қауіп төндіре бастаған. Террористік ұйым деп танылған гүленшілердің мақсаты – саяси билікті басып алу. Сондықтан олар қазақ үкіметінен олардың қаржы көзін бұғаттап, Қазақстанда жүрген гүленшілерді жақын арада түрік үкіметінің қолына табыстауды сұрады, делінеді жазбада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!