Қазақ аз. Солтүстікке көшу үшін не істеу керек

17:18, 9 тамыз 2019

Кей қазақтарға солтүстікке көшу үшін не істеу керек екенін facebook-те Динар Нахыпбек түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның жазуынша, жағдай былай:

Жұмыс іздеп солтүстікке көшкіңіз келсе, тұрғылықты жердегі Жұмыспен қамту орталығына барып, кеңес ала аласыз.

Мекеме мамандары сізге кеңес беріп, көшіп барғыңыз келетін солтүстік өңірден жұмыс қарастырады.

Өңірмен танысу сапары, көшіп-қону шығыны, жұмыс беру және баспанамен қамту мәселесін түгелдей көшіп баратын өңір өз мойнына алады.

Сізден тек өміріңізді өзгертуге деген батылдық қана талап етіледі.

Түркістан облысының әкімдігі үнемі сіздің қоныстанған мекеніңізді, жұмыс орныңызды бақылауда ұстап, байланыста болады.

Адам саны аз болғандықтан, солтүстік өңірге оңтүстік жұртын көптеп тарту қажет. Шөбі шүйгін, табиғаты тамаша қазақтың кең-байтақ даласында қазақтың қара домалақтары көп болуы тиіс!

Ақпаратты бөліссеңіздер екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!