Қазақ авторлар қоғамының ұжымы қырқысып қалды

10:05, 23 қаңтар 2020

Алматыда 3 жарым мыңнан астам автор бір жылдан бері қаламақыларын ала алмай келеді. Билікке таласқан тараптар бір-бірінің есеп-шоттарын бұғаттап тастаған. Ортақ шешімге келе алмаған екі жақ енді бір бірін сотқа сүйрелеуде. Екі ортада оның зардабын авторлар тартып отыр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жалпы қазақ авторлар қоғамының құрылғанына 22 жыл болған. Сол уақыттан бері ұйымды құрып, басқарып келе жатқан Марал Ысқақбай болатын. Алайда өткен жылы 26 наурызда авторлардың кезектен тыс жиналысы өтіп, жаңа төраға болып Балнұр Қыдырбек тағайындалыпты. Ал қоғамның есеп-шотындағы 800 миллион теңгені өздеріне аударып алған. Алайда мұнымен келіспеген ұйым мүшелері сотқа беріп, істі өз еншісіне шешіпті.

Бекжан Әшірбек, қазақ авторлар қоғамының мүшесі:

"2019 жылдың 9 қарашасында Алматыдағы ауданаралық экономикалық сот 27 наурызда өткен съезді 27 пункт бойынша заңсыз деп тапты. Енді мәселе неде. 9 қазанда өткен соттың шешімі неге орындалмайды. Мәселе апеляцияда".


Бұрынғы төраға Марал Ысқақбай креслоға жабысып қалған жоқпын. Ұйымның жұмысын Байғали Есенәлиев тұралатып тастаған соң авторлардың өзін қайта төраға етіп сайландым, дейді

Марал Ысқақбай, қазақ авторлар қоғамының бұрынғы төрағасы:

"Мен құрметті төраға болып жалпы шеттен басқарып жүр едім. Бақылап қана жүр едім. Марал аға біздің жағдайымыз нашарлап кетті. Сіздік құрметті төрағалығыңыз керегі жоқ шын төраға болыңыз. Өзіңіз басқарыңыз мына жағдайды жөндеңіз деп отырды да сайлады да жіберді. Мен не істеймін амалым жоқ келдім".

Ал қоғамның қазіргі басшысы қарсыластарының айтқан пікірімен келіспейді. Айтуынша ұйымның төрағалығына қайта сайлана алмағандықтан әділет министрлігі тіркемей қойғанын алға тартуда. Қолында заңды құжаты бар Байғали Есен Марал Ысқақбайдың әрекеті заңсыз деп отыр. Тараптар бір бірінің есепшотын бұғаттап тастағандықтан 800 миллион теңгені бір жылдан бері авторларға тарата алмай отырғанын айтады.

Байғали Есен, қазақ авторлар қоғамының директоры:

"Ол кісілерді министрлік тіркеген жоқ. Ал енді министрлік тіркемеген болса ол қалай заңды төраға болады. Қалай қазір төраға болып басқарып отыр. Қалай пайдаланушы мекемелерге хат жөнелтіп отыр. Ол кісінің мөрі де, төрағалығы да заңсыз. Заңды болатын болса дәлелдеп берсін. Мынау құжатты маған көрсетсінші.Содан кейін ел сенсін".

Тараптардың тартысы қашан аяқталатыны әзірге белгісіз. Салдарынан бір жылдан бері 3 мыңнан астам автор қаламақысын ала алмай келеді. Жылына жиналатын бір миллиард 200 миллион теңге қаламақының 30 пайызы авторлар қоғамының еншісіне бұйырады. Екі жақ тартысып жүріп авторларды естен шығарып алмаса игі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!