«ҚазАгро» АҚ мақтааралдық қарыз алушыларға лизинг бойынша пайыздық есептеуді тоқтатты
"ҚазАгроҚаржы" АҚ Мақтарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларына бір жарым жылға лизинг бойынша пайыздық есептеуді тоқтатты, деп хабарлайды zakon.kz.
2020 жылдың 1 мамырында болған су тасқынына байланысты Түркістан облысының Мақтарал ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік төтенше жағдай жарияланды. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен қоғамдық ұйымдар су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдарынан келген бар көмектерін көрсетуде.
"ҚазАгро" Холдингінің еншілес компаниясы – "ҚазАгроҚаржы" АҚ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі А.Ұ.Маминнің Түркістан облысында болған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмаларын орындау шеңберінде өңірдің төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен фермерлерін қолдау шараларының кешенін әзірледі.
Сонымен, су тасқынынан зиян келтірілген "ҚазАгроҚаржы" АҚ қарыз алушыларына бір жарым жыл мерзімге пайыздық есептеулері тоқтатылды, ал негізгі қарызды төлеу мерзімі сол мерзімге ұзартылды.
Сонымен бірге, көрсетілген кезеңге төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыптары есептелмейді.
Бұл шарттар Түркістан облысының Мақтарал ауданындағы су тасқынынан туындаған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның қазіргі қарыз алушыларына қатысты қолданылатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:21, 23 сәуір 2024
Тоқаев ЕАЭО-да ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы заңға қол қойды
-
18:05, 23 сәуір 2024
Қазақстан Қырғызстанмен авиация саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады
-
18:03, 23 сәуір 2024
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы тағайындалды
-
17:41, 23 сәуір 2024
Астана әуежайында алматылық мас тұрғын жанжал шығарды
-
17:23, 23 сәуір 2024
Саяхат арзандап жатыр: қазақстандықтар 2024 жылы визасыз қай елдерге бара алады