Қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ Кабул әуежайындағы жарылыс туралы

11:38, 23 шілде 2018

ҚР СІМ Кабул әуежайында болған жарылыс туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайдағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ. Консулдар тиісті органдармен тығыз байланыста», - деп мәлімдеді ҚРСІМ баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров.

Әуежайда болған жарылыстың салдарынан 16 адам қаза тауып, 60-ы жарақаттанған. Жарылыс Ауғанстанның бірінші вице-президенті Абдул Рашид Достум жақтастарының арасында болған. Абдул Рашид Достум ол кезде әуежайдан құрышпен қапталған автокөлікпен кетіп бара жатқан. 2017 жылы Түркияға қашып кеткен саясаткер зардап шекпеген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!