Қаза тапқан әскери қызметшілер мен жеке тұлғалардың несиесі кешіріледі

19:30, 20 қаңтар 2022
173

© Сурет: Zakon.kz.

Тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен азаматтық тұлғалардың несиелері қазіргі уақытта есептен шығаруға жатады, деп мәлімдеді брифингте ҚР Қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Александр Терентьев, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тапсырмаға сәйкес, тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің кредиттері қазіргі уақытта есептен шығаруға жатады. Дәл осындай жұмысты агенттік тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан азаматтық тұлғалар тізімі бойынша да жүргізеді. Александр Терентьев

Ол ТЖ режиміне байланысты зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдер мерзімін кейінге қалдыру тәртібі бекітілгенін еске салды.

Оның айтуынша, несие ұйымы жеке және заңды тұлғаларға несие бойынша төлемдер уақытын кейінге шегере алады, ал төтенше жағдай режимі кезінде несие ұйымы айыппұлдар мен өсімпұлдарды төлеуді талап етпейді, яғни есептемейді, сондай-ақ несие бойынша капиталдандыруды жүзеге асырады.

Департамент басшысы кредит бойынша төлем мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқан жағдайда қарыз алушылар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы екенін, ал агенттік өз кезегінде кредиторға қатысты құжаттамалық тексеруге негіз тауып, банктің іс-әрекетіне баға бере алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!