Қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері «Ана үйі» орталығына барып қайтты

22:41, 5 наурыз 2021
524

© Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті

ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті ОВ-156/15 мекеме қызметкерлері Семей шаһарындағы қиын жағдайға тап болған әйелдерге арналған "Ана үйі" орталығына барып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Елімізде 5 мыңға жуық сәбилер балалар үйінде тәрбиеленуде. Осындай орталықтарға көмектесу біздің тарапымыздан өте дұрыс қадам. Аяулы аналар мен жас сәбилерде мереке сезімі болуы керек, сонымен қатар қаракөз қарындастарымыз назардан тыс қалмайды және ұмытылмайды, дейді мекеме бастығы әділет подполковнигі Р.А. Жумажанов.

Бүгінде Республиканың 18 қаласында – әрбір облыс орталығында және үлкен қалаларда "Ана үйі" қайырымдылық қорының жобасы жұмыс істейді. Қазіргі таңда Семей қаласындағы "Аналар үйінде" қиын өмірлік жағдайларға тап болған сегіз әйел тұрады. Мекеме қызметкерлері тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік өнімдерін жас аналарға табыстады.

Мекеме басшылығына және қызметкерлеріне бізді ұмытпай, аяулы жас аналарымызды құттықтап, азық-түлік өнімдерін сыйлағандарыңызға алғысымыз шексіз. Біздің дағдарыс орталығында әйелдер ең қажетті заттармен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар құқықтық және психологиялық көмек көрсетеді және аналарға жаңа мамандықты игеруге көмек қолын созамыз, дейді "Ана үйі" орталығының басшысы Айнагуль Нуртазина.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір