Қасымов отставкаға кету туралы сауалға жауап берді

14:18, 14 қыркүйек 2018
279

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов отставка кету туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лауазымыма келер болсақ, мен осы 7,5 жыл ішінде үкімет құрамынан 3 рет шығып кетіп, қайта оралдым. Себебі үкімет өзгерген кезде бәріміз баянат беріп, қызметімізден кетеміз, сосын бізді қайта тағайындады", - деді Қасымов.

"Әрқашан мен жұмысқа кірісіп кетемін, мен үшін ол айқын", - деді министр.

Сонымен қатар, Қасымов отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді.

«Біз - әскери адамдармыз. Қайда бұйырса, сонда жұмыс істейміз. Егер үкімет пен президент солай шешім қабылдаса, солай болады», - деп түйіндеді ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!