Қасымов министрліктің жұмысына қатысты айтылған сынмен келісті

13:12, 14 қыркүйек 2018
317

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов құқық қорғау органдарына қатысты айтылатын сындарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Өкінішке орай, соңғы уақытта ІІМ, сондай-ақ полиция қатаң сынға қалып отыр. Көп жағдайда сын орынды айтылады", - деді ол.

Ішкі істер министрінің айтуынша, расында полиция қызметінде шешілмеген мәселелер көп.

"Біз олармен жұмыс істейміз, мәселелерді қоғамнан жасырмаймыз. Министрлік БАҚ-тағы сыни жарияланымдарына мониторинг жүргізіп отырады. Тәртіп пен заң бұзушылықтар анықталған кезде әрбір ақпарат бойынша қызметкерді қызметінен босатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылады. Ағымдағы жылы жағымсыз себептермен ішкі істер органынан 600 қызметкер жұмыстан шығарылды", - деді Қасымов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!