Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

16:05, 6 ақпан 2023
177

© Фото: zakon.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады, делінген Ақорда таратқан ресми ақпаратта. 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!