Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

16:05, 6 ақпан 2023
169

© Сурет: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады, делінген Ақорда таратқан ресми ақпаратта. 

6 ақпан күні таңертең Түркия мен Сирияда күшті жер сілкінісі болды. Салдарынан қаза тапқандар саны 500 адамнан асты: оның ішінде 230-дан астам сириялық және кем дегенде 280 түрік азаматы бар.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!