Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президент атанған алғашқы күндерін еске алды

11:45, 12 тамыз 2019
311

Қасым-Жомарт Тоқаев "Президент 2.0" деректі фильмінде өзінің президент атанған алғашқы күндерін еске алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ресейлік журналист Алексе" Пивоваровқа сұқбат берді.

Президент бастапқы кездері өзінің жаңа лауазымына үйрене алмай жүргенін мойындады.

– Алғашқы күндері жаңа лауазымға үйрене алмай жүргенімді мойындаймын. Әсіресе, көпшілік жиналған іс-шараларда "Президент!", "Президент!" дегенде, Нұрсұлтан Әбішұлы келіп қалған шығар деп, жан-жағыма қарайлайтын едім. Бірақ бұл уақытша ғана нәрсе екен. Жақсы нәрсеге тез үйренесің. Бұл лауазымның жүгі ауыр екенін түсінемін, әрине. Қалай болғанда да бір мемлекеттің қауіпсіздігі мен игілігі үшін, осы мемлекеттің халқына жауаптысың. Дегенмен, президент болсаң, сый-құрметке де бөленесің, жасыратын несі бар. Адам күн сайын президент болмайды, әсіресе, біздің жағдайымызда, - дейді Тоқаев сұқбат барысында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!