Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің тамыз конференциясына қатысады

16:23, 15 тамыз 2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Тамыз конференциясына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 2019 жылғы 16 тамыз күні Тамыз конференциясының пленарлық отырысын өткізеді. Конференция шеңберінде білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтар бойынша тақырыптық алаң ұйымдастырылып, педагогтарды марапаттау рәсімі болады", – деп жазды ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!