Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз еліне барады

16:28, 12 шілде 2019
275

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғыз Республикасына барады. Бұл туралы осы елде жүрген ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин үкіметаралық кеңестің кеңейтілген жинында айтты деп хабарлайды Zakon.kz sputnik.kg-ге сілтеме жасап.

Маман бүгін Қырғыз Республикасында ресми жұмыс сапарымен жүр.

- Бүгінгі отырыс алдағы күзде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз еліне жоспарланған мемлекеттік сапары алдында өтіп жатыр, - деді ол.

Үкімет басшысы Қырғыз елін Қазақстанның жақын одақтасы екені атап өтті.

Айта кетсек, 28 мамырда жұмыс сапарымен Қазақстанда болған Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты өз еліне ресми сапармен келіп-кетуге шақырған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!