Каспий теңізі жағалауындағы өрттің ошағын анықтау үшін тікұшақ тартылды
© Сурет: ҚР ТЖМ
Атырау облысында 31 қаңтарда Каспий теңізі жағалауында от тұтану ошақтары анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, 31 қаңтарда Атырау қаласының аумағында түтіннің иісі шығуына байланысты өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуе барлауын жүргізу үшін ТЖМ авиациясы - МИ-874 тікұшағы жұмылдырылды.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын комиссия мүшелері аэровизуалды тексеру бойынша жұмыс жүргізді.
Сурет: ҚР ТЖМ
Каспий теңізінің жағалауында аэровизуалды тексеру нәтижелері бойынша 4 ошақ анықталды: 3 ошақ Жылыой ауданы бағытында 70 км жерде, алдын ала болжам бойынша жалпы ауданы 9 гектар алаңда және 1 ошақ Исатай ауданы бағытында 200 гектардан астам алаңда болды.
Қазіргі уақытта жергілікті жерде кірме жолдардың болуын барлау жүргізілуде.
Түнгі уақытқа байланысты өртті сөндіру ертең, яғни 1 ақпанға жоспарланған.
Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Сурет: ҚР ТЖМ
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 25 сәуір 2024
Үсік, бұршақ, дауыл: Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:50, 25 сәуір 2024
Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар жолдар ашылды
-
19:29, 25 сәуір 2024
Түркістан облысында 90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды
-
19:17, 25 сәуір 2024
Полиция қызметкерлерін көлігімен соққан жүргізуші 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
-
18:50, 25 сәуір 2024
Шымкентте есірткіні чипс қаптамасымен тасымалдаған алматылық ұсталды