Каспий теңізі жағалауындағы қамыс өрті толығымен өшірілді

14:46, 24 қыркүйек 2022
165

© Сурет: Instagram/atyrau_tjd

24 қыркүйек сағат 09:00-тағы жағдай бойынша, тікұшақпен әуеден шолу кезінде бықсу мен от тұтану фактілері тіркелмеді, деп Zakon.kz тілшісіне Атырау облыстық ТЖД мәлімет берді.

Сағат 08.45 уақытында Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті толығымен өшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД (13 қызметкер, 2 техника), "ҚазАвиаҚұтқару" АҚ (1 тікұшақ, 5 экипаж мүшесі) күші жұмылдырылды.

20 қыркүйекте Атырау облысында қамыс өрті туралы ақпарат пайда болды. Теңіз жағалауындағы батпақ өртті сөндіруге кедергі келтірді. Қаланы қара түтін басып, жағымсыз иіс қолқаны алды.

21 қыркүйекте қамыс өрті ішінара ауыздықталды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!